Panasonic мөлдір теледидар жасап шығарды

13 Қаңтар 2016, 14:53
0
Panasonic мөлдір теледидар жасап шығарды - © Hitech.vesti.ru
© Hitech.vesti.ru

Жапонияның Panasonic компаниясы мөлдір теледидар жасап шығарды. Теледидардың үлгісі 6-9 қаңтар аралығында Лас-Вегаста өткен халықаралық Consumer Electronics Show көрмесінде таныстырылды, - деп хабарлайды Hi-tech.

Теледидар диагоналі 165 сантиметр болатын светодиодты қораптан тұрады. Сөніп тұрған кезде теледидар шкафтың жартылай мөлдір есігі, яғни теледидар қойылған жиһаздың элементі сияқты тұрады. Иесі бұл теледидарды терезеге орнатып, түрін қалағанынша өзгерте алады.


Arbat/YouTube

Panasonic өкілдері бұл теледидардың коммерциялық мақсатта өте кең таралатынын айтып отыр. Жаңа теледидарды сауда орталықтарында адамдарды қызықтыру мақсатында да пайдалануға болады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай