17 ақпан 2015 18:44

"Прогресс М-26М" жүк кемесі ғарышкерлерге жеміс-жидек жеткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роскосмостың баспасөз қызметі ©Роскосмостың баспасөз қызметі

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Прогресс М-26М" ғарыштық жүк кемесі аттандырылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, "Прогресс М-26М" көліктік жүк кемесімен ғарыштық мақсаттағы "Союз-У" зымыранын ұшыру 17 ақпанға, Астана уақыты бойынша сағат 17.00-ге жоспарланған болатын.

Порталдың мәліметінше, жүк кемесінде халықаралық ғарыш станциясының экипажына арналған апельсиндер мен алмалар бар.

"Гагариндік старт" Мәскеу уақыты бойынша сағат 14.00-ге белгіленген. Жүк кемесі халықаралық ғарыш станциясына отын, оттегі, азық-түлік - алма, грейпфрут пен апельсин жеткізеді. Сонымен қатар, жүк кемесінде алда келе жатқан мейрамдарға байланысты ғарышкерлер мен астронавттарға арналған сыйлықтар бар", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, "Прогресс М-26М" ғарыштық жүк кемесі халықаралық ғарыш станциясымен ресейлік "Жұлдыз" модуліне Мәскеу уақыты бойынша сағат 19.59-да түйіседі. Сенбі күні халықаралық ғарыш станциясынан бесінші әрі соңғы Automated Transfer Vehicle (ATV) бағдарламасы бойынша Еуропада шығарылған Georges Lemaitre ғарыш жүк кемесі ажыратылып, жексенбі күні Тынық мұхитының кеме жүрмейтін ауданында суға батырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети