1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Даму

ШҚО-да балабақшадағы балалар робот құрастырады 26 тамыз 2019, 11:55

Курчатов қаласындағы "Журавушка" балабақшасында роботты техника үйірмесі ашылды. Онда бүлдіршіндер жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгереді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Курчатов қаласындағы "Журавушка" балабақшасында роботты техника үйірмесі ашылды. Онда бүлдіршіндер жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгереді, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл кабинетті жабдықтауға төрт миллион теңге жұмсалды. Оған жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Осылайша, курчатовтық балақайлар биылғы оқу жылында конструктор жинауды меңгеріп, түрлі-түсті гаммамен танысып, сызбамен жұмыс істеуді үйренеді.

"Кабинетте бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған", - дейді балабақша директорының міндетін атқарушы Ольга Ильина.

Бүгінде аталмыш үйірмені жүргізетін барлық қызметкер арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімдерін шыңдап қайтыпты. Мұндағы басты мақсат – бүлдіршіндерге саналы тәрбие беріп, сапалы білім нәрімен сусындату.

"Мұндай үйірме әзірше, облыс бойынша біздің қалада ғана ашылды", - дейді Ольга Ильина.



Join Telegram