17 қазан 2022 09:11

102 жастағы шотландиялық ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Еdinburghlive. Фото: Еdinburghlive.

Эдинбург тұрғыны Кристин Миллер 102 жасын атап өткен туған күнінде ұзақ өмір сүру құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Edinburgh Live сайтына сілтеме жасап.


Эдинбург тұрғыны Кристин Миллер 102 жасын атап өткен туған күнінде ұзақ өмір сүру құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Edinburgh Live сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткер ұзақ, бақытты әрі шытырман оқиғалы өмір сүруге саяхат көмектескенін айтты. Жас кезінде Кристин Миллер әлемді аралап, Американы, Азияны зерттеген, тіпті біраз уақыт Малайзияда тұрған.

"Жақсы көретін адамдармен бірге әлемді аралаңыз, мүмкіндігінше көбірек көріңіз. Бір кездері менде Малайзия мен АҚШ-та көптеген шытырман оқиға болды. Жаңа мәдениеттермен танысу сізді жасарта түседі. Менде көптеген бақытты естеліктер қалды", - дейді ол.

Миллердің ерекше мақтанышы - 100 жылдық мерейтойында ІІ Елизаветадан алған хаты.

"Ол біздің елге өмір бойы тынымсыз қызмет етті және таңданарлықтай адам болды. Бұл хатты қатты қадірлеймін", - дейді Миллер.

Қазір зейнеткер қарттар үйінде тұрады. Оның ұлы Америкадан анасымен бірге болу үшін арнайы ұшып келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети