30 желтоқсан 2021 14:56

2021 жылы COVID құрбандарының саны былтырғымен салыстырғанда екі есе көп - ДДСҰ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус биыл әлемде COVID құрбандарының саны пандемия басталған 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус биыл әлемде COVID құрбандарының саны пандемия басталған 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ басшысы 2020 жылы 1,8 миллион адам қайтыс болса, 2021 жылы 3,5 миллион адам қайтыс болғанын және нақты саны әлдеқайда жоғары екенін айтты.

"Бұл - вирустың ұзақ мерзімді әсеріне тап болған миллиондаған адамды қоспағандағы көрсеткіш. Бірақ әлі де биыл пандемияның қиын кезеңін аяқтап қана қоймай, денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздікті нығайту мәселесін дамыта алатынымызға сенімдімін. Ұжымдық күресті жақсартпасақ, бұл вирус дамып, денсаулық сақтау жүйелеріне қауіп төндіреді", - деді Тедрос Адханом Гебрейесус.

Оның айтуынша, дельта және омикрон штамдары екі есе қауіп төндіреді. Сондай-ақ, бұл жағдайлардың санын рекорд деңгейге дейін арттырып, ауруханаға жатқызу дерегі мен қайтыс болғандар саны күрт артуына әкеледі. 

Вакцина мәселесінде ДДСҰ-ға мүше 194 мемлекеттің 92-сі 40 пайызға жетпегені айтылды. Бұл көбінесе табысы төмен елдерде байқалады. Гебрейесус 2022 жылы шілденің басында барлық елде халықтың 70 пайызы толығымен вакцина алғанын қалайтынын айтты.

 Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус дельта мен омикрон штамдары жағдайды ушықтыруы мүмкін екенін айтқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети