19 наурыз 2015 09:23

Ақтөбе тұрғыны 54 жасында екі қыздың анасы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©redbubble.com ©redbubble.com

Ақтөбе тұрғыны 54 жасында ана атанды, - деп жазады "Диапазон".


Ақтөбе тұрғыны 54 жасында ана атанды, - деп жазады "Диапазон".

Әйел бірден екі қыздың анасы атанды, біреуін өзі туса, екіншісін суррогат ана дүниеге әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, ол ЭКО көмегімен жүкті болған. Перинаталдық орталыққа онымен бірге суррогат ана да түсті. Екеуі де қыз босанып отыр. "Сәбилер толық жетіліп туылды, ешқандай кемшілігі жоқ", - деді дәрігерлер. 

Енді бұл отбасында үш бала болады, әйелдің тұңғышы - ұл, ол 28 жаста. 

Guinness-Records.info порталының мәліметінше, әлемдегі ең егде ана - Үндістан тұрғыны Раджо Деви Лохан. 2008 жылы ол 70 жасында Навин есімді қыз баланы өмірге әкеліп, Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді. Лохан 58 жыл бедеуліктен соң ЭКО көмегімен бала көтерген.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети