15 мамыр 2014 10:01

Ақтөбелік үш әйелдің өлім себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет syl.ru сайтынан алынған Сурет syl.ru сайтынан алынған

"Ақтөбе қаласының №3 ауруханасында тамырдан екпе алған соң қайтыс болған үш әйелдің өлім себебіне қатысты жүргізілген тексеру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы "Диапазон" газетіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әсет Қалиев мәлім еткен" деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Ақтөбе қаласының №3 ауруханасында тамырдан екпе алған соң қайтыс болған үш әйелдің өлім себебіне қатысты жүргізілген тексеру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы "Диапазон" газетіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әсет Қалиев мәлім еткен" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Комиссия "науқастар жүрек-өкпе жүйесінің ақауынан қайтыс болған" деген қорытынды жасады. Бір науқасқа сот-медициналық сараптама жасалды. Ал қалған екі марқұмның туыстары эксгумация жасауға рұқсат бермеді. Алғашқысы 54 жаста болған. Өлім себебі - жүрек ауруы. Науқас жедел жәрдем барғанша, үйінде көз жұмған. 75 жастағы екінші науқас медициналық орталықта тромбоэмболия дертінен жан тәсілім еткен. Жасы 84-ке келген үшінші науқас жедел жәрдем жеткенше, үйінде қайтыс болған. Өлім себебі - жүрек ауруы", - дейді Қалиев.

Осы оқиғадан соң Қазақстанда "Актовегин" дәрісін пайдалануға тыйым салынып, тексеру жүргізілген болатын. Дәріні тексеруден өткізген Ұлттық сараптама орталығы "Актовегин" қауіпсіз және барлық халықаралық стандарттарға сай" деген қортынды шығарды. Сонымен қатар қайтыс болған науқастарға қолданылған натрий хлориді, винпосан және пирацетам дәрілерін де медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат етілді.

Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында Ақтөбедегі қалалық емханада тамырдан екпе алған үш әйел қайтыс болған еді. Тағы бір ем қабылдаушы бірнеше тәулік жан сақтау бөлімінде жатып, аман қалған болатын. Қазіргі уақытта ол ем алуын жалғастырып жүр. Төрт науқас та күндізгі стационарда тамырдан винпосан, пирацетам және актовегин ерітіндісін қабылдаған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети