1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Арқаның ауруы қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін - зерттеу 23 қыркүйек 2020, 17:54

Ұлыбританиялық дәрігерлер арқаның ауруы ұйқы безі қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ұлыбританиялық дәрігерлер арқаның ауруы ұйқы безі қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express сайтына сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ұйқы безінің қатерлі ісігін омыртқааралық дискілердің ауруымен шатастырып алуға болады. Себебі екі орган бір-біріне жақын орналасқан. Ауырсыну іштен басталып, арқаның ауруымен жалғасуы мүмкін.

"Сіз жатқан кезде жайсыздық туындайды. Ал орныңыздан тұрған кезде ол жоғалуы мүмкін. Сондай-ақ, тамақтанған кезде ауырсыну күшеюі ықтимал. Мұның барлығы белгілі бір нерв жүйесінің зақымдануымен байланысты. Бұл асқазанда немесе аш ішектегі ісік салдарынан болуы мүмкін", - дейді сарапшылар.

UK Pancreatic Cancer мәліметінше, ұйқы безінің қатерлі ісігі 70 пайыз жағдайда арқаның ауырсынуымен байланысты екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Join Telegram