Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Атырау мен Маңғыстау облыстарында және Астанада тұмау вирустары тарады

25 Желтоқсан 2014, 13:34
0
Фото ladieshealth.net сайтынан алынды
Фото ladieshealth.net сайтынан алынды

Қазан айынан бері Қазақстанда 191 540 адам тұмаумен ауырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәлімдемесі бойынша, ауырған адамдардың 71 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар. 2014 жылы 22 желтоқсанда Атырау мен Маңғыстау облыстарында, Астана қаласында тұмаудың А және В вирусы таралғаны анықталды.

"Биыл республика бойынша тұмауға қарсы 1 633 423 адам егілді, бұл - Қазақстан халқының 9,4 пайызы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 446 028 бала мен 1 187 395 ересек тұрғын бар. Ересектердің арасында 159 895 медицина қызметкері мен 81 038 жүкті әйел бар. Айта кетейік, биыл тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар саны өткен жылмен салыстырғанда 18,8 пайызға артық", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, көпшілік пайдаланатын микрофондар да жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін екенін Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары айтқан болатын. Олардың айтуынша, микрофондарда ауа-тамшы жолымен (тұмау, парагрипп, аденовирусты инфекция, қызылша, эпидемиялық паротит, туберкулез және тағы басқа) немесе тері аурулары арқылы таралатын қоздырушы инфекциялар (дерматомикоз, қышыма, стрептодермия) табылса, онда жұқпалы аурулар шығуы мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай