04 наурыз 2014 17:17

Бүйрек пен бауырға мұқтаж адамдар көбейіп келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында бүйрек және бауыр ауыстыруға мұқтаж жандар саны аз емес. Өкінішке қарай, олардың қатары жылдан-жылға артып келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыста бүйрек дертіне шалдыққан 80 адам бар. Өткен жылы солардың 15-і бүйрегін алмастырған. Сондай-ақ, бауырын 1 адам ауыстыруға мәжбүр болған. Жалпы, ондай азаматтардың саны 50-ге жуықтайды. Бүгінгі таңда трансплантология дамып, кезінде дерттен дімкәс күйге түскен жандардың сауығуына жол ашылды. Соның нәтижесінде жылма-жыл 10-15 адам бүйрек және бауыр алмастырып, дертіне шипа тауып жүр. Сала мамандары трансплантологияның адам өмірін ұзартуда зор пайдасын тигізіп отырғанын айтады. Елімізде 3 мыңға жуық адам бүйрек, 200-ден астам адам бауыр алмастыруға кезекте тұр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети