30 шілде 2021 09:36

COVID-19-ға антидене сынамасын тапсырудың неге мәні жоқ екені түсіндірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Сарапшылар сынама тапсырудың, осылайша ағзадағы антиденелерді анықтаудың мәні жоқ дейді. Оның нәтижесі сенімсіз және адамның иммундық қорғаныс деңгейіне қатысты сенімді қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, мұндай сынаманың дәлдігі сенімді емес. Зерттеулер нәтижесі бойынша, науқастар мен вакцина алған адамдардың қанында коронавирусқа қарсы антиденелердің концентрациясы COVID-19-дан қорғаныс деңгейін көрсетейді. Антидене сынағы инфекцияны диагностикалауға да, емдеуге де, коронавирус инфекциясының алдын алуға да жарамсыз.

"Антиденелердің болуы - бұл толық жағдайдың жартысын ғана білу", - дейді молекулалық биолог, Ховард Хьюз медициналық институтының қызметкері Константин Андреев.

Басқаша айтқанда, адамда антидене деңгейі төмен болуы мүмкін, бірақ жасушалық иммунитеттің арқасында вирустан жақсы қорғаныс болады, деп түсіндіреді сарапшы. Мүмкін, керісінше: мысалы, вакцинаның алғашқы дозасы антиденелер деңгейінің күрт өсуіне әкелуі мүмкін, бірақ бұл иммунитет нәзік болады және басқа қорғаныс механизмдері іске қосылмай күшейіп кетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети