Дәрігер COVID-19 пандемиясы кезіндегі ең қауіпті орындарды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер COVID-19 пандемиясы кезіндегі ең қауіпті орындарды атады Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирус жұқтыру қаупі жоғары орындарды атады. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирус жұқтыру қаупі жоғары орындарды атады. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, коронавирус жұқтыруда ең қауіпті орындардың бірі - ауруханадағы интенсив терапия палатасы. Содан кейін қоғамдық көлік, оның ішінде, метро, шіркеулер және адам көп жиналатын орындар. Осы жерлерде коронавирус жұқтыру қаупі жоғары дейді.

Бұған дейін Комаровский коронавирус жұқтыру үшін вирустың аздаған түйіршіктері де жеткілікті екенін айтқан болатын. Адам ағзасы вирустың аз мөлшердегі түйіршіктерімен күресе алады. Оның бір дозасы аурудың жеңіл және симптомсыз формасын туғыза алады деген еді. Ал, ол он есе көбейсе, онда өмірге қауіп төнеді деген сөз.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717 адамға жетті. 682 адам жазылды, 25 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети