Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Дәрігер кімдерге мандарин жеуге болмайтынын айтты 01 қаңтар 2023, 10:15

Жоғары санатты дәрігер Сергей Длин қант диабеті мен асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар мандарин жеуден бас тартуы керектігін айтты, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Жоғары санатты дәрігер Сергей Длин қант диабеті мен асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар мандарин жеуден бас тартуы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, мандарин асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар үшін аса қауіпті болуы мүмкіні, өйткені бұл жеміс қышқылдықты арттырып, ішек пен асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.

"Асқорыту жүйесі аурулары: гастрит, колит, асқазан жарасы, сондай-ақ ұйқы безі мен өт қабында проблемалары бар адамдарға қышқыл жемістер ұсынылмайды", - дейді дәрігер.

Длин бұл жеміс түрін қант диабетімен ауыратын адамдар да жеуге болмайтынын айтады. Себебі, мандарин қандағы қант деңгейін жоғарылатады екен.

Сондай-ақ, бүйрегі ауыратын адамдар да мандариндерді абайлап жеу керек екен, оның құрамында бүйрек тастарының қозғалысын тудыратын қышқылдар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram