21 қыркүйек 2020 09:33

Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ресей ғылым академиясы, Сеченов университеті клиникалық иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі Александр Караулов коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей ғылым академиясы, Сеченов университеті клиникалық иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі Александр Караулов коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, коронавирусқа қарсы вакцинация шектеулері иммун тапшылығы бар шағын топтарға қатысты болуы мүмкін.

"Ал аутоиммундық, ревматологиялық және тіпті онкологиялық ауруларға қарсы көрсетілім жоқ", - дейді Караулов.

Сонымен қатар, ғалым тұмауға қарсы екпені алуға кеңес берді.

"Себебі, 4 аптадан кейін COVID-19 вирусына қарсы вакцина алуға болады. Біздің вакцина ("Спутник V" - ескерту) 21 күн айырмашылығы бар екі инъекцияны қамтып отыр. Сондай-ақ, пневмококкқа қарсы вакцина да бар. Егер осы қауіп тобындағы адам болса, оны бүгіннен бастап егуге болады", - дейді маман.

Караулов ғалымдар арасында COVID-19 вакцинасының қолданылу мерзіміне қатысты пікірталас әлі жүріп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, биылғы тамызда Ресей әлемде коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып тіркеді. Екпені Гамалея атындағы НИЦЭМ әзірлеп, оны Ресейдің тікелей инвестиция қорымен бірлесіп шығарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети