20 сәуір 2020 09:13

Дәрігер көшеден вирус әкелмеудің жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Көшеден келген соң гигиенаның қарапайым ережелерін сақтаған адамда вирус жұқтыру қаупі азаяды. Бұл туралы ресейлік дәрігер Надежда Фомина Mosregtoday.ru басылымына берген сұхбатында айтты.


Көшеден келген соң гигиенаның қарапайым ережелерін сақтаған адамда вирус жұқтыру қаупі азаяды. Бұл туралы ресейлік дәрігер Надежда Фомина Mosregtoday.ru басылымына берген сұхбатында айтты.

Дәрігердің айтуынша, үйге кірген бетте хлор құйылған шүберекпен аяқкиімді қолдың көмегінсіз сүртіп шығу керек.

Ол шүберекті қайта-қайта жуудың қажеті жоқ дейді. Тек оның ылғалын сақтап отырған жөн. Хлордың орнына, дәрігердің айтуынша, белизна қолдануға болады.

"Қолданылған медициналық маскаларды бөлек бір пакетке салып қою керек. Ал масканы бірнеше рет пайдалануға болатын жағдайда, оны ыстық сумен жуып, артынша үтіктеп қою қажет. Сырт киімді де бөлек жерге іліп қою қажет. Бірнеше сағатқа балконға қойып қоюға болады", - деп кеңес берді дәрігер.

Ауа райы коронавирустың таралуына әсер ете ме? Министрлік жауабы

Сондай-ақ, маман әйел адамдарға сыртқы шыққанда сөмке ұстамауға кеңес береді. Оны кейін дезинфекциялау қиындау болады дейді. Дәрігердің айтуынша, телефон, банк картасын және кілттерді үнемі сүртіп тұрған жөн.

Күннің жылуы коронавирусты жоя алмайды - ғалым

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети