01 қазан 2021 09:44

Дәрігерлер коронавирустың алғашқы симптомдары өзгергенін айтты

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Күзде коронавирус жұқтырған науқастардағы симптомдар оның алдында жұқтырғандардан басқаша және көбіне тұмаудың белгілеріне ұқсас бола бастаған, - деп хабарлайды РИА Новости


Күзде коронавирус жұқтырған науқастардағы симптомдар оның алдында жұқтырғандардан басқаша және көбіне тұмаудың белгілеріне ұқсас бола бастаған, - деп хабарлайды РИА Новости

Дәрігерлердің сөзінше, вирус жұқтырған науқастардың дене қызуы тұмау жұқтырған кездегідей, бірақ ұзағырақ созылуы мүмкін.  

Медицина қызметкерлері енді коронавирус жұқтырғандарда тұмау, тамақтың ауырсынуы және қышуы секілді белгілер барын айтады. 

Сондай-ақ мамандар ауыр неврологиялық белгілер туралы ескертті: науқастардың басы айналып, басы ауырсынып, әлсіздік байқалған. Орыннан бірден тұратын кезде науқас талып қалуы мүмкін. Бұл белгінің бәрі екінші күні байқалып, бірнеше аптаға созылуы мүмкін. 

Дәрігерлердің сөзінше, бұрынғы симптомдар да байқалған. Мысалы ас қорытудың бұзылуы, іш ауырсынуы, сондай-ақ, лоқсу мен құсу. 

Фельдшерлер одағының басшысы және жедел жәрдем қызметкері Дмитрий Беляков мұрын бітуі коронавирустың жаңа симптомына айналғанын айтып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети