Дәрігерлер науқастың кеуде сүйегін 3D-принтер арқылы құйды

19 Ақпан 2018, 10:39
0
Дәрігерлер науқастың кеуде сүйегін 3D-принтер арқылы құйды - Сурет wales.nhs.uk
Сурет wales.nhs.uk

Британияның Суонси қаласындағы Моррисон госпиталінің дәрігерлері 3D-принтер арқылы ер адамның кеуде сүйегін қалыпқа келтірді. 71 жастағы Питер Мэггз обыр салдарынан көкірек сүйегі мен үш қабырғасын кестіріп тастауға мәжбүр болған, - деп хабарлайды ABMU Health Board.

Мұндай жағдайларда әдетте дәрігерлер операция кезінде медициналық цементтен протез құяды, алайда, 3D-баспа технологиясы имплантты титан құйындысынан жасап, операцияны екі сағат ертерек аяқтауға мүмкіндік берген. Протезді жасау кезінде көкірек тұсының компьютер томографиясы жасалды. Бұл осы тектес протездерді басып шығарудың алғашқы оқиғаларының бірі.  

Операция жалпы сегіз сағатқа созылған. Дәрігерлерідің сөзінше, имплант пациенттің кеудесіне дәл келген. Дәрігерлер болашақта мұндай имплонтациялауды ары қарай жалғастырмақ. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай