20 қаңтар 2021 | 11:14

ДДҰ COVID-19-дан өлім-жітімнің рекорд көрсеткішін тіркеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©©РИА Новости ©©РИА Новости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустан өлім-жітімнің рекорд көрсеткішін тіркеді. Ұйым мәліметінше, соңғы аптада әлемде коронавирустың салдарынан қайтыс болғандар саны 93 мыңға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ДДҰ 17 қаңтардағы жағдай бойынша әлемде 93 миллионнан астам COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар тіркелгенін мәлімдеді. Соңғы аптада ауырғандар саны 4,7 миллионға көбейген. Ал, пандемия басталғаннан бері қайтыс болған науқастардың саны екі миллионнан асты.

2020 жылғы 11 наурызда ДДҰ COVID-19 коронавирус инфекциясының жаңа түріне эпидемия жариялады. Бұған дейін ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус вакцина бай және кедей елдер арасында біркелкі бөлінбегеннен бүкіл әлем моральдық апат алдында тұрғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети