29 наурыз 2019 12:52

Елімізде 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 сәуірден бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


1 сәуірден бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты брифинг өткізді.

"2019 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында халықты қосымша иммундау басталады. 9 айға толған балалар, егу мәртебесі белгісіз 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан да көп жыл бұрын инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы бір екпемен егілген адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлері вакцинацияланатын болады, себебі халықтың осы тобында қызылша ауруымен әлеуетті ауыратын науқастармен жиі байланыста болғандықтан жұқтыру тәуекелі жоғары", - деді Бекшин.

Айтуынша, вакцинация үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина пайдаланылады.

Сондай-ақ, еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері халық үшін вакцинация тегін жүргізілетінін, екпені алу үшін бекітілген аумақтық емханаға жүгіну қажеттігін атап айтты.

"Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайға күн сайын мониторинг жүргізеді. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақыт аралығында қызылшаның 4670 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3350 жағдай (71,2 пайыз). Қызылшаның тіркелуі республиканың барлық өңірінде байқалады, 5 өңірде - Нұр-Сұлтанда (ағымдағы жылғы қаңтардан бастап - 1342 жағдай), сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Түркістан облыстарында өсуі байқалады, яғни Алматы қаласындағы 84 жағдайдан Шымкент қаласындағы 700 жағдайға дейін тіркелген. Бүгінгі күні республика бойынша 74 науқас, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 19 науқас емделіп жатыр", - деп атап айтты спикер.

"Вирустық инфекциялар бойынша, оның ішінде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жас балалары бар аналарға, сондай-ақ әртүрлі себептермен (баласының денсаулығы жағдайы, егу жасына толмаған, вакцинациядан бас тарту және т.б.) профилактикалық егу алмаған барлық адамдарға қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақтанғанға дейін адамдар көп жиналатын жерлерге (сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, ХҚКО және т.б.) барудан бас тартқан жөн", - деп ұсынды Бекшин.

Қызылшадан қорғанудың бірден бір тиімді шарасы - вакцинация. Дене қызуының көтерілуі, катаральдық көріністер (жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы) және денеге бөртпенің шығуы сияқты белгілер пайда болған жағдайда уақтылы диагностикалау, емдеу және асқынуларға жол бермеу мақсатында дәрігерге жүгіну қажет. Ауру жұқтырған адам қызылшаның ешбір белгілерінсіз және өзінің денсаулығы туралы білмей вирус таратуды жалғастырады. Олар адамдармен қарым-қатынаста болып, жұмысқа, мектепке, дүкенге барады, маршруттарда және метрода жүреді. Егілмеген адамдар вирусы бар ауамен тыныс алғаннан кейін 90% жұқтыру ықтималдығына ұшырайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети