Ең зиян еттің түрі аталды

03 Қазан, 13:28
0
Ең зиян еттің түрі аталды -

Ресейдің рационалды тамақтану маманы, дәрігер-физиотерапевт Марина Ваулина адамға ең зиян еттің түрін атады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның айтуынша, ұзақ мерзімге сақталатын ет қауіпті. Ваулина тұтынушыларға имортталатын элиталық ет сұрпын алу кезінде қырағы болуға шақырды. 

"Оның мерзімі ұзақ болған сайын, ет тасымалдаушы елдің алыстығына байланысты, тасымалдау уақыты ұзарған сайын, соғұрлым тауардың қажет емес химиялық заттары - консерванттары көбейеді. Тазасын айтқанда, мұндай тауарды бірнеше рет мұздатып, ерітеді. Бұдан адам ағзасына еш жақсылық жоқ", - деді маман. 

Дәрігердің айтуынша, деликатестерге тұтынуға болады, бірақ әрдайым шектен шықпау керек. Етті көп қуырудың да, специй көп қолдануға болмайтынын және майлы әрі тұздалған етті тоңазытқышта көп ұстамауға кеңес берді. 

Ваулинаның айтуынша, адам ағзасы қаз, үйрек, сондай-ақ қой мен доңыз етін қорықту кезінде қиналатынын жеткізді.

"Алайда көп нәрсе тағамды әзірлеуге және тұтыну жиілігіне байланысты. Көкөніспен булап пісірген ет өте сіңімді. Ал кәуап құрамында ыс пен канцерогенді заттар болады", - деп түйіндеді дәрігер. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай