28 қазан 2021 12:46

Еуропада коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Еуропа - COVID-19 жұқтырғандардың жаңа жағдайы мен аурудан қайтыс болғандардың саны артып жатқан әлемнің жалғыз бөлігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының сайтына сілтеме жасап.


Еуропа - COVID-19 жұқтырғандардың жаңа жағдайы мен аурудан қайтыс болғандардың саны артып жатқан әлемнің жалғыз бөлігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының сайтына сілтеме жасап.

Орталық мәліметінше, 18-24 қазан аралығында әлемде COVID-19 жұқтырғандар 4 пайызға артқаны анықталды. Сонымен қатар, жаңа деректің жартысынан көбі (57 пайызы) еуропалық аймақта тіркелген. Еуропа өткен аптамен салыстырғанда жұқтырғандар саны артқан әлемнің жалғыз бөлігі болды.

Кейінгі жеті күнде Еуропада вирустың салдарынан болған өлім-жітімнің 14 пайызға артқаны тіркелді, бұл - шамамен 21 мың өлім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, аймақта аурудың күрт өсуінің себебі екпе салдыртудың төмен деңгейімен байланысты, соның ішінде Румыния, Болгария, Словения және Украина сияқты елдер кейінгі аптада коронавирус инфекциясы мен өлім-жітімнің рекордтық көрсеткіші болғанын мәлімдеді.

Басқа аймақтарда апта сайынғы COVID-19 жағдайларының төмендеуі тіркелді, Африка аймағында 21 пайызға және Тынық мұхитының батысында 17 пайызға төмендеді.

Бір апта ішінде әлемде 2,9 миллионнан астам COVID-19 жұқтырғандар анықталды.

Бұған дейін Кох институты Еуропада коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін екенін ескерткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети