02 тамыз 2021 13:34

Ғалым коронавирус жұқпайтын адамдар туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ресей ғылым академиясының академигі, Пастер атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Арег Тотолян кей адамдарда коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей ғылым академиясының академигі, Пастер атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Арег Тотолян кей адамдарда коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, зерттеу барысында интерферон-альфа, қандағы лимфоциттер мөлшері жоғары адамдарда кейбір генетикалық маркер тасымалдаушылары жоғары қорғанысқа ие екені анықталған.

Осылайша, иммундық жүйенің жасушалары синтездейтін және тікелей вирусқа қарсы әсері бар интерферон-альфаның жоғары деңгейі инфекция қаупін төмендетеді. Лимфоциттер деңгейі жоғары адамның вирус жұқтыру ықтималдығы төмен, ол ауырғанда да жеңіл түрімен ауырады. Адамның иммундық реакциясын кодтайтын гендердің ішінде ғалымдар екі қорғаныс аллелін анықтаған (бір геннің әр түрлі формалары. - авт. ескерт.) және оның біреуі ауруға бейім, деді академик.

Тотолян басқа да факторлар бар екенін, бірақ оларға зерттеу енді жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол бұл себептер абсолют емес екенін, сондықтан оларды жан-жақты бағалау керегін айтты.

Бұған дейін Австрияның Ғылым және технологиялар институтының бір топ ғалымдары SARS-CoV-2 жаңа нұсқалары көп елде шектеулер жойылғаннан кейін тарала бастады деп мәлімдеді.

Олар эпидемиологиялық модель құрып, мутация қаупі екі факторға байланысты екенін анықтады: вакцина алған халықтың үлесі және жұқтырғандардың шекті саны. Есептеулер нәтижесінде зерттеушілер халықтың көпшілігі, кем дегенде 60 пайызы вакцина алуы керек деген қорытындыға келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети