22 ақпан 2018 10:51

Ғалымдар алкогольдің жарыместікті тудыратынын дәлелдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lechebnaya-lavka © lechebnaya-lavka

Канаданың Психикалық саулықты зерттеу орталығының ғалымдары алкоголь ішімдіктерді үнемі пайдалану жарыместіктің барлық түрінің даму қаупін арттыратынын анықтады. Зерттеу қорытындысы MedicalXpress журналында жарияланды. 

Мамандар Францияда тіркелген ерте деменцияның 60 мың жағдайын сараптаған. 57 пайыз жағдайда бұл ер адамдардың күніне 60, ал әйелдердің 40 грамм этанол қабылдауына байланысты болды. 

Осылайша, анықталған корреляция ұзақ мерзімді алкоголизм жарыместіктің жас кезде де пайда болуына соқтыратынын көрсетіп отыр. 

Зерттеушілердің сөзінше, ішімдікті жиі пайдалану адам өмірін 20 жылға дейін қысқартады екен. Ішімдікке әуестіктен жарыместікке әйелдер көбірек шалдықса, ал ер адамдар когнитив ауытқулардан жиі зардап шегетін болып шықты. 

Сонымен қатар, ішімдікке әуестік шылым шегу, қан қысымының жоғарлығы, диабет, депрессия мен естудің нашарлауы сияқты деменцияға түрткі болатын өзге де факторлармен байланысты. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети