1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Ғалымдар COVID-19-дан тез жазылуға көмектесетін дәруменді атады 06 қараша 2021, 09:21

Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, С дәруменін көктамырға енгізу коронавирус жұқтырған науқастардың жазылуына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Иллюстрация: ovakcine.ru Иллюстрация: ovakcine.ru

Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, С дәруменін көктамырға енгізу коронавирус жұқтырған науқастардың жазылуына айтарлықтай жеделдетеді деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, ауыр науқастарға күнделікті 6-дан 24 грамға дейін дәрумен салу оң нәтиже береді.

Тағы бір зерттеу COVID-19 жұқтырған адамдарға С витаминін бергеннен кейін сауығу жылдамдығы 70 пайызға артқанын көрсеткен.

COVID-19 жұқтырған науқастардың 80 пайызында қандағы С дәрумен деңгейі төмендейтіні айтылды. Тапшылықты толтыру қажеттілігін дәрігер Марсела Вискайчипи растады.

"Электролиттерді, микроэлементтерді және витаминдерді, оның ішінде С және Д витаминдер көрсеткішін қадағалау керек. Бұл клиникалық тәжірибеде стандарт болуы керек", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram