Ғалымдар кофенің қандай аурулардан қорғайтынын айтты

07 Қараша 2018, 09:34
0
Иллюстрация © pixabay.com
Иллюстрация © pixabay.com

Крембил зерттеу институты мен Торонто университетінің өкілдерінен құрылған канадалық ғалымдар тобы кофенің қандай аурулардан қорғайтынын анықтады. Ғалымдардың тұжырымы ScienceDaily порталында жарияланды.

Еңбек авторлары кофенің үш түрін зерттеді: жай қуырылған, қатты қуырылған, кофеинмен және кофеинсіз. Кофенің соңғы екі түрі Альцгеймер және Паркинсон дерттеріне тән когнитив қабілеттердің жасына байланысты төмендеуіне жол бермейтіні анықталды. Бұл дегеніміз, оң әсерді кофеин емес, басқа нәрсе беретін болып тұр, ол қуыру кезінде пайда болады.

Ол зат - фенилиндан антиоксиданттары. Олар амилоид түйіршіктерінің пайда болуына кедергі келтіреді - деменцияны күшейтетін нейрофибриллярлық түйіршіктер.

"Фенилинданалардың күштілігі, олар зерттеу жұмысындағы Альцгеймер мен Паркинсон ауруларына тән бета-амилоидтардың, тау-ақуыздардың жиналуын баяулататын немесе алдын алатын жалғыз байланыстырғыш зат болды", - деді зерттеу авторларының бірі Дональд Уивер.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай