15 мамыр 2014 10:11

Хирург "болгарканың" көмегімен баланың өмірін сақтап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вадим Кухарь мен Әлібек. Сурет   kstnews.kz сайтынан алынған Вадим Кухарь мен Әлібек. Сурет kstnews.kz сайтынан алынған

"Қостанай облысында ауыл хирургі Вадим Кухарь бірегей ота жасады, ол үшін оған "болгарканың" көмегіне жүгінуге тура келген" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасап.


"Қостанай облысында ауыл хирургі Вадим Кухарь бірегей ота жасады, ол үшін оған "болгарканың" көмегіне жүгінуге тура келген" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметіне қарағанда, мамыр айының басында хирургтің үйіне көршісі Қабдолла Жаңбыршинов жүгіріп келіп, оның 8 жасар ұлы Әділбекке жедел көмек қажет екенін айтады. Жүгіріп көршінің үйіне барғанда жан түршігерлік көріністің куәсі болады. Жоғарыдан бетон тақтаның үстіне секірген баланың мойнын, жағын тесіп кірген арматура құлақтың қасынан шыққан. "Болгарканың" көмегімен арматураны абайлап кесіп, хирург баланы ауруханаға жедел жеткізіп, шұғыл ота жасаған.

Таяуда бала ауруханадан шықты. "Таң қаларлығы, осындай жарақаттан кейін балада байқалмастай тігіс пен екі жерде көк дәрінің ізі қалған. Бұл ауыл хирургінің жұмысы. Вадим Кухарьдің сөзіне қарағанда, құлақ түбінен болгарка гүжілдеп тұрғанда да, Әділбек өзін нағыз ерлерше ұстаған. Наркоздан оянғанда "қалайсың" деген сұраққа жымиып, бас бармағын жоғары көтерген" деп жазады басылым.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети