Хирургтер угги етіктері денсаулыққа несімен зиян екенін түсіндірді 13 қараша 2017, 10:21
Угги етіктері денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Ұлыбританиялық бір топ хирург осындай тұжырымға келді, - деп хабарлайды Daily Mail.
Ортопедиялық хирург Иэн Макдермотт угги етіктері аяққа жеткілікті деңгейде сүйеу болмайтындықтан, тізеге - нақты айтқанда тізе буынының шешіршегіне зиян келтіруі мүмкін екендігін айтады.
Мамандар мұндай етікті мүлде кимеуге, тым болмаса уггиді өзге аяқкиіммен алмастырып киюге кеңес берді.