Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жамбыл облысында қымызбен емдеуге арналған сауықтыру кешені ашылады

17 Наурыз 2016, 16:51
0
© Zhambylnews.kz
© Zhambylnews.kz

Жамбыл облысында қымызбен емдейтін сауықтыру кешені ашылады, - деп хабарлайды Zhambylnews.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Жамбыл облысындағы шаруа қожалық иелері мал шаруашылығынан бөлек, туризм саласына да бет бұра бастады. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданында "Шәушен" ШҚ фермасының жанынан қымыз дайындайтын цех салынып, сауықтыру кешені соғылып жатыр.

"Шәушен" шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев тау етегінен қымызбен емдеу орталығын ашуды бұрыннан ойластырыпты. Ойға алған жобасын іске асыру мақсатында көп ізденіп, мамандарға да барған. Шаруа 2014 жылы қымыз өндіру үшін 250 миллион теңге көлемінде өз қаражатына жылқы фермасы жобасын іске қосады. Қазір мұнда екі ауысымда 250-ден 500 бие байланып тұр. Алдағы уақытта желіге мың бие байлау жоспарларынып отыр.

Тау бөктеріндегі қымызбен емдеу орталығында қолға алынған заманауи қонақ үй, сауна, бассейн тағы басқа да нысандардың құрылысы толық аяқталды. Қымыздың бағасы қарапайым тұрғындарға қолжетімді болады. Ерекше атап өтерлігі, шаруашылық басшысы мұнда Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қымызбен емделуіне есіктері айқара ашық, бұл ретте тегін арнайы екі бөлме қарастырылғанын айтты.

Туристерді қабылдау мақсатында кешен EXPO-2017 көрмесіне дейін толықтай дайын болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай