Жамбыл облысында төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

17 Қыркүйек, 09:25
0
Жамбыл облысында төрт адам Сібір жарасын жұқтырған -

Жамбылда күйдіргі жұқтырған төрт адам ауруханада жатыр. Аса қауіпті індеттке шалдыққан науқастардың жағдайы қалыпты дейді ақ халаттылар. Ал мал дәрігерлері бұл кеселдің қайдан келгенін білмей бас қатырып жатыр, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

"Тиісті ем қабылдауда. Жұқпалы аурулар ауруханасында 20 күндей ем қабылдайды. Сібір жарасы адам өміріне өте қауіпті. Өйткені бұл аса қауіпті індет", - дейді Жамбыл облыстық инфекциялық аурулардың қатерлерін бақылау кеңестік-әдістемелік орталық жетекшісі Гүлфайра Мырзабекова.

Науқастың біреуі - Жуалы ауданы Шақпақ ауылындағы шаруа қожалылығының шопаны. Ал екіншісі - әйелі. Өзге екі азамат - қасапшы. Соңғы екеуі - Жамбыл ауданының тұрғындары. Бұларға аса қауіпті індет мал сойған кезде жұққан деген күдік бар. Өйткені өздері он шақты күн бұрын қыстақтағы қожайынның сиырын бауыздаған. Кейін бәрінің денесін жара басқан.

Қазір осы науқастармен байланыста болған 44 адам мен ауылдың мал дәрігері де қатаң бақылауға алынды. Ал өңірдегі ветеринар мамандары кәсіпкердің қорасында өлген алты бас сиырдан сынама алынды дейді. Алайда бірде-біреуінен күйдіргі дертінің белгілері анықталмапты. Сонда кеселдің қайдан жұққаны түсініксіз.

Жағдай бүгін облыс әкімдігінде қаралды. Әзірше олар індеттің ізіне түсе алмай жатыр. Ал ел арасында күйдіргіден өлген 20-дан астам ірі қараның еті қаладағы шұжық цехына өткізілген деген қауесет тарады.

"Қазір біз аурудың ошағын іздеу барысындамыз. Осыныны анықтауда тапсырма берілді. Иә, қазір неден болғанын таппай жатырмыз", - дейді Жамбыл облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қанатбек Қартабаев. 

Дереккөз: КТК

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай