06 ақпан 2014 09:14

Жылағанда көзінен жас орнына тас шығады екен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  Azal телеканалынан алынған Сурет Azal телеканалынан алынған

"Йеменнің кішігірім ауылдарының бірінде тұратын 12 жасар Саадия Салех жергілікті дәрігерлер мен халықты әбігерге салды. Себебі, қыз жылағанда көзінен жас орнына ұсақ тастар шығады екен. Йемендік Azal телеканалы бұл жағдайды бейнетаспаға жазып, YouTube сайтына салған" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бейнежазбада айналасын дәрігерлер мен туыстары қоршаған 12 жасар Саадияның кушеткада жатқаны көрінеді. Олардың бірі қыздың қабағын ашып, ішіндегі ұсақ тастарды еппен алып, ақ матаға салады. Соңынан дәрігерлер әртүрлі көлемдегі он шақты тас салынған қорапшаны көрсетеді. Ол тастар-бірнеше сағат ішінде Саадияның көзінен шыққан "жас тамшылары". Дәрігерлер мұндай құбылысқа түсінік бере алмай дал. Олардың айтуынша қыз баланың денсаулығы жақсы. Ал, көршілері болса, Саадияны бақсы деп санайды. Олар "бұл жерде қара магия араласқан" деп пайымдайды. Телеканал қызметкерлері ауыл тұрғындарының "бұл қыздың ішіне шайтан кірген" деп үрейленіп отырғанын айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети