14 наурыз 2018 11:27

Канадалық физиолог қартаюды тежеудің жалғыз тәсілін бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FitBreak! © FitBreak!

Канаданың Онтарио аймағы университетінің физиологы Грэхем Холлоуэй кәріліктің қауқарсыздығынан құтылудың жалғыз өнімді жолы - шыдамдылықты арттыратын жаттығулар деген шешімге келген, - деп хабарлайды EurekAlert!.


Канаданың Онтарио аймағы университетінің физиологы Грэхем Холлоуэй кәріліктің қауқарсыздығынан құтылудың жалғыз өнімді жолы - шыдамдылықты арттыратын жаттығулар деген шешімге келген, - деп хабарлайды EurekAlert!.

Зерттеушілер 20 мен 70 жас аралығындағы ер адамдардың жасуша метаболизмін сараптап, бұлшық еттердің қартаю механизмін анықтаған. Адам қартайған сайын жасушаларда аденозиндифосфатқа (АДФ) сезімталдық 10 есе төмендейді екен. Ал АДФ тыныс алу кезінде аденозинтрифосфат түзетін молекула болып келеді. 

Егде жастағы адамдардың жасуша тіндеріне АДФ молекуласын енгізген кезде оттегінің белсенді формалары (ОБФ) шоғырланғаны байқалған. Ал ОБФ жасушаны бұзатын радикалдарды іске қосады екен. Егде жас атрофиясын себебі осы ОБФ екені анықталды.

Ал қарқынды физикалық жаттығулардан кейін жасушаларда оттегінің белсенді формалары үш айдан (12 апта) кейін де түзілмеген. 

Дегенмен ғалым өзге жаттығулардың саркопенияға қарсы көмегі жоқ деген пікірден аулақ. Зерттеуші аэробты жаттығуларға, соның ішінде келосипед жүргізіп, жүзумен айналысуға да кеңес береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети