23 ақпан 2015 12:55

Қазақстанда 25 мың әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Қазақстанда 25 мың әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандар тізіміне алынған. Сүт безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулар арасында бірінші және өлім-жітім бойынша төртінші орында тұр және бір жылда 1400 әйел осы дерттің себебінен көз жұмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз орталығына сілтеме жасап.


Қазақстанда 25 мың әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандар тізіміне алынған. Сүт безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулар арасында бірінші және өлім-жітім бойынша төртінші орында тұр және бір жылда 1400 әйел осы дерттің себебінен көз жұмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Институт мамандарының айтуынша, соңғы бес жылдағы көрсеткіш бойынша, Қазақстандағы сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдердің ұзақ өмір сүру көрсеткіші - 51,4 пайызға тең, яғни мұндай дертке шалдыққан әйелдердің тек жартысы ғана бес жылдан артық өмір сүреді. "Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 89,2 пайызға, Ұлыбританияда 86,6 пайызға тең. Бұл көрсеткіштерге сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау, емделу курсын ерте бастау әсер етері сөзсіз", - деді мамандар.

"Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігін емдеу тегін. Ал негізгі кедергі - әйелдердің өз денсаулығына салғырт қарап, скринингтен өтпеуі немесе өте кеш тексерілуі, - дейді олар: Ол кезде науқасқа көмектесу мүмкін емес. Елімізде 2008 жылдан бері сүт безі қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау мақсатында 50 мен 60 жас аралығындағы әйелдерге арналған бағдарлама жүзеге асырылып келеді".

Баспасөз өкілдері бұл бағдарлама бойынша жыл сайын 400 әйелдің сүт безі қатерлі ісігінің диагностикасынан өтетінін айтады. Дәрігерлер осы салада білімін жетілдіруді жалғастырып жатыр. Ал мемлекет денсаулық сақтау орындарын соңғы үлгідегі аппараттармен қамтамасыз етеді.

Осыған орай, Қазақстанда "Асыл ана" (www.asylana.kz) ақпараттық порталы ашылады. Институт мамандарының айтуынша, бұл жобаның мақсаты тұрғындардың сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу ықтималдылығын төмендету әрі науқастардың жағдайын жақсарту екенін айтады. Сайттың таныстырылымы барысында институт мамандары мен өкілдері сүт безі қатерлі ісігінің скринингі мен онкүндік нәтижелерін айтып, статистикалық есептерімен бөліседі. Оған қоса, "Сүт безі қатерлі ісігімен бірге күресейік!" бағдарламасы аясында өтетін шаралармен таныстырады. Оның барысында шараның арнайы қонағы "Қазақстан Сән Апталығының" жетекшісі (KFW) Ирина Байжанова қатерлі дертті қалай жеңіп шыққанын әңгімелеп береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети