17 тамыз 2020 16:50

Қазақстанда Кавасаки синдромын жұқтырған балалар туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Кавасаки синдромымен ауырып жатқан балалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Кавасаки синдромымен ауырып жатқан балалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, Қазақстанда Кавасаки синдромын жұқтырған және белгілері ұқсас 11 жағдай. Оны көбіне бес жасқа дейінгі балалар жұқтырады, ол ғылыми дәлелденген. Қазақстанда аурудың бұл түрін жұқтырған 11 баланың екеуі бес жасқа дейінгі бала, қалғаны 17 жасқа дейінгі балалар. 

Нұр-Сұлтандағы үш науқас аурудан толығымен айығып шықты. Қалған сегіз бала Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Нұр-Сұлтанда ем алып жатыр. Бір белгілісі - кавасаки синдромы балалардағы коронавирус инфекциясын ауыр өткен жағдайда пайда болады. Бұл соңғы уақытта коронавируспен ауыратын науқастардың өсуі аясында жиі кездесетін сирек ауру", - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети