28 қаңтар 2021 | 09:23

Қазақстандық ғалым коронавирусты 15 минутта анықтайтын экспресс-тест ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Университетінің түлегі, ғалым әрі кәсіпкер Болат Сұлтанқұлов коронавирусты анықтайтын экспресс-тест жасады, оны үйде де қолдануға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Назарбаев Университетінің түлегі, ғалым әрі кәсіпкер Болат Сұлтанқұлов коронавирусты анықтайтын экспресс-тест жасады, оны үйде де қолдануға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнертабыс синтетикалық наноденелерге негізделген, оларды қазақстандық ғалымға швейцариялық зерттеушілер берген. Экспресс-тест жасауға алты ай уақыт кетіпті.

"Алты ай бұрын мен коронавирусты анықтайтын экспресс-тест жасау бойынша жұмыс істеп жатқанымды жарияладым. Мені Жас ғалымдар альянсы, Nazarbayev University әлеуметтік даму қоры, Назарбаев Университеті жанындағы Astana Business Campus, сондай-ақ Ұлттық биотехнология орталығы қолдады", - дейді НУ PhD-бағдарламасының түлегі Болат Сұлтанқұлов.

Алынған тест 15 минут ішінде адамда коронавирус бар-жоғын анықтайды және қосымша жабдықты қажет етпейді. Тесттің ерекшелігі: ол антиденелерді емес, вирустың өзін анықтайды. Сондықтан ол ауруды симптомдар пайда болғаннан кейін бірден табады.

"Экспресс-тестті симптомдар пайда болғаннан кейінгі алғашқы жеті күнде қолдану керек. Тест симптомсыз тасымалдаушыларды қалай көрсететінін әрі қарай зерттейміз. Тест экспресс-жолаққа ұқсайды және жүктілік тесті сияқты жұмыс істейді. Оны ПТР-сынағы сияқты мұрын-жұтқыншақтан шыққан сілекей, қақырық, шырыш үлгілері бойынша жасауға болады. Биоматериалды тестке бекітілген пластикалық пробиркадағы арнайы ерітіндімен араластырады, содан кейін қоспаның аз көлемі екінші таза пробиркаға салынады, сосын оған қағаздан жасалған тест-жолақты батырады", - деп түсіндірді Сұлтанқұлов.

Ғалымның айтуынша, сынақ жолағы бірнеше конфигурациямен жасалған. Тесттің қате нәтиже көрсету дерегін азайту үшін әртүрлі конфигурацияны қолдануға болады.

Енді коронавирусты анықтайтын экспресс-тестті тексеріс пен сараптамадан өткізу керек, егер ол тиімділігін көрсетсе, жақында өндіріліп, сатып алуға қол жетімді болады. Ғалым енді өнертабысының тиімділігін растау үшін Денсаулық сақтау министрлігімен, Дәрі-дәрмектердің ұлттық сараптама орталығымен және басқа да зертханалармен келіссөз жүргізбек. Оның айтуынша, тест ПТР-анализіне қарағанда арзан әрі қолжетімді болады.

Болат Сұлтанқұлов жеті жылдан бері регенератив медицина саласындағы зерттеулермен айналысады. Назарбаев Университетінде PhD докторантурасын аяқтаған, ал бакалавриатты "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде тәмамдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети