10 мамыр 2022 12:05

Кенеден қорғану және оны денеден алып тастау жолдары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Тауда немесе саябақта кенеден қорғану үшін жеңі мен балағы ұзын ашық түсті киім, ұзын етік киіп, репелленттерді пайдалану ұсынылады, ал кене жабысып үлгерсе, энцефалит жұқтыру қаупін азайту үшін оны мүмкіндігінше тез арада алып тастап, содан кейін ауруханаға бару керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

№2 инфекциялық клиникалық аурухана базасындағы вирустық кене энцефалитін вакциналық-сарысулық алдын алу жөніндегі қалалық кеңес беру кабинетінің басшысы Наталья Прохорованың айтуынша, мамырда мереке күндері ең қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытпау керек.

"Кенені шаш арасынан байқау қиын. Сол үшін бас киім кию керек. Мойынның жабық болғаны да жөн. Кенелер жоғары қарай өрмелейді, олар жоғарыдан секірмейді, бірақ құлап қалуы мүмкін. Ашық түсті киім киген дұрыс, одан кенені байқау оңайырақ. Аяқ киім биік болуы керек. Ал шалбарды шұлыққа салған дұрыс", - деді маман.

Прохорова кене жабысып үлгерсе, ал жақын жерде көмек көрсететін травматологиялық пункт болмаса, оны өзіңіз алып тастауға болатынын айтты. 

"Оны пинцетпен немесе саусақты дәкемен орап, мұрнын сұққан жерден ұстап, зиянкесті теріден ақырын "бұрап" шығару керек. Жараға йод жағасыз. Кене энцефалитін жұқтыру қаупін азайту үшін кене табылған сәттен кейін мүмкіндігінше тез алып тастау керек. Бұл ауру адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, кейбір жағдайларда мүгедектікке, тіпті өлімге әкелуі мүмкін", - деді дәрігер.

Бұған дейін кене шаққан 40-тан аса адам Алматы ауруханаларына жүгінгені хабарланған болатын.

Кене шаққанда не істеуге болмайды - Дәрігер басты қатерді айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети