28 қазан 2020 09:05

Коронавирус жұқтырған 80 пайыз науқаста кездесетін белгі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Испан ғалымдары коронавирус жұқтырған 80 пайыз науқаста D дәруменінің жетіспеушілігі барын айтты. Бұл белгі көбіне ер адамдарда жиі кездеседі. Зерттеу нәтижесі Journal of Clinical Endocrinology & Metabolism журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости


Испан ғалымдары коронавирус жұқтырған 80 пайыз науқаста D дәруменінің жетіспеушілігі барын айтты. Бұл белгі көбіне ер адамдарда жиі кездеседі. Зерттеу нәтижесі Journal of Clinical Endocrinology & Metabolism журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Медициналық статистика мәліметі бойынша, көптеген адамда, әсіресе қарттарда D дәруменінің жетіспеушілігі бар. Соңғы кездері коронавирус пандемиясы кезінде D дәруменінің маңызы туралы да зерттеу жұмыстары көптеп шыға бастаған, себебі ол организмнің COVID-19-ға төзімділігін қамтамасыз етеді.    

Испан ғалымдары D дәруменінің жетіспеушілігі коронавирус жұқтыру қаупін қаншалықты арттыратынын және ол науқасқа қалай әсер ететінін анықтамақ болған.  

Зерттеуге коронавирус расталған 216 науқас қатысқан. Зерттеу жұмысының авторлары 82,2 науқаста D дәруменінің жетіспеушілігі барын анықтаған. Оның ішінде, ер адамдардағы дәруменнің мөлшері әйелдегі D дәруменінің мөлшеріне қарағанда аз болған. 

D дәрумені - қандағы кальций концентрациясын бақылайтын бүйрек шығаратын гормон. Оның жетіспеушілігі денсаулыққа қатысты көптеген проблемаға байланысты, дегенмен гормонның организм жүйелеріне қалай әсер ететіні туралы зерттеулер әлі де жүргізіліп жатыр. Оның ішінде бірнеше зерттеуде D дәрумені иммун жүйесіне, әсіресе инфекциядан қорғауда жақсы әсер ететіні айтылған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети