01 наурыз 2020 14:42

Коронавирус таралған елдерден келушілерге карантин. Қаулы күшіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанның Бас санитариялық дәрігерінің "Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы" қаулысы 1 наурыздан бастап күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның Бас санитариялық дәрігерінің "Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы" қаулысы 1 наурыздан бастап күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаулыға сәйкес COVID-19 жағдайлары тіркелген елдер үш санатқа бөлінеді. Жіктемеге байланысты осы елдерден ҚР-ға келген адамдарға қатысты эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін болады.

"Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймыз:

Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу; Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету; Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу; Қолды сабынмен жиі жуу; Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;

Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке жүгінуі, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтелу әдебін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын орамалдармен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).

Тұрғындарға арналған профилактика шаралары:

Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу; 
Профилактика шараларын сақтау:
Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
Қолды сабынмен жиі жуу;
Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
Қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;

1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және жеткіліксіз медициналық көмек туралы хабарлау. 
COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер", - делінген Қаулыда. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети