1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Коронавирустан өлім қаупін арттыратын генетикалық мутациялар анықталды 07 шілде 2020, 09:46

Медициналық зерттеулер бойынша Ұлыбританиялық кеңес жанындағы Молекулярлық биология зертханасының ғалымдары коронавирустан өлім көрсеткішін
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Медициналық зерттеулер бойынша Ұлыбританиялық кеңес жанындағы Молекулярлық биология зертханасының ғалымдары коронавирустан өлім көрсеткішін 13 есеге дейін арттыратын бес генетикалық мутацияны анықтады. Зерттеу medRxiv порталында жарияланды, - деп хабарлайды Naked Science.

Биологтар 193 өлімге зерттеу жүргізген. Қайтыс болғандардың барлығынан коронавирус анықталған.

"Біз ERAP2 генінің қаупі жоғары екенін анықтадық, сондай-ақ, тағы үш ген барын анықтадық. Бірақ бұл мутациялар ғаламшар тұрғындары арасында аса таралмаған", - дейді мамандар.

Коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі анықталды

Ғалымдардың айтуынша, коронавирустан өлім қаупін арттыратын факторларға науқастың жасы мен оның созылмалы аурулары әсер етеді: мысалы, семіздік пен жүрек аурулары.

Бұдан бөлек, биологтар зерттеулерінде еріктілердің ДНҚ-дағы кішігірім мутациялар жиынтығын салыстырған екен. Талдаудан кейін олар төрт гендегі бес вариацияны анықтай алған - ERAP2, BRF2, TMEM181 және ALOXE3. Олардың болуы COVID-19-дан өлім қаупіне әсер етті дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!