03 ақпан 2021 15:10

Қостанай облысында карантин жеңілдетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қостанай облысында жедел штаб отырысы өтіп, нәтижесінде сенбі күндері бірқатар нысан мен қоғамдық көліктерге жұмыс істеуге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында жедел штаб отырысы өтіп, нәтижесінде сенбі күндері бірқатар нысан мен қоғамдық көліктерге жұмыс істеуге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов каратинге қандай жеңілдіктер енгізілгенін хабарлады.

"Қоғамдық тамақтану объектілеріне сенбі және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін. Сонымен қатар, спа-орталықтар, монша және сауналар, жабық спорт нысандары мен фитнес-орталықтарына сенбі және жұмыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Жабық және ашық азық-түлік базарының жұмысы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін сақталсын", - деп хабарлады Қостанай облысының жедел штабының қызеткері.

Сонымен қатар, аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары мен дүкендер сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Мешіттер, синагогалар мен шіркеулер ашылады. Қоғамдық көлік жексенбіден басқа барлық күндері 23:00-ге дейін жүреді.

Бірақ аймақ басшысы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды сұрады.

Айта кетейік, 12 қаңтарда Қостанай облысы "қызыл" аймаққа кірді. Кейін карантин күшейтіліп, сенбі күндері сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынды, ал оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети