1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Қытайдан келген төрт адам Қазақстанда ауруханаға жатқызылды

Иллюстрация. Фото: Әлихан Сариев Иллюстрация. Фото: Әлихан Сариев

Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде ҚХР-дан біздің елге 25 858 адам келді, бұл Қазақстан және шет ел азаматтары. Барлық мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігіне және ары қарай Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті арқылы тұрғылықты мекен-жай бойынша тексеруден өтіп, азаматтармен байланысы анықталады. 

Дене қызуы көтерілген 23 адам келген, оның ішінде 4-еуі ЖРВИ күдігімен ауруханаға жатқызылды. Вирусты жұқпалы аурулардың аса бір айырмашылығының болмауына байланысты, біз ЖРВИ күдігімен жатқызамыз", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтегі баспасөз конференциясы барысында. 

Біртанов ауруханаға жатқызылғандардан қажетті қан сараптамалары алынғаны айтты. 

"Үш тәулік ішінде нақты диагностика шығады. Қажетті терапия басталды", - деді ведомство басшысы.