15 қазан 2020 18:58

Мамандар ұшақта COVID-19 жұқтыру қаупі неге төмен екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Мамандар ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі қаншалықты төмен болатынын айтты, - деп хабарлайды Daily Express.


Мамандар ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі қаншалықты төмен болатынын айтты, - деп хабарлайды Daily Express.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) COVID-19 инфекциясының борттағы қаупі туралы есеп жариялады. Ондағы мәлімет бойынша, жыл басынан бері 1,2 миллиард жолаушы әуе көлігімен жеткізілген. Оның ішінде ұшақта коронавирус жұқтыруы мүмкін деген 44 жағдай ғана тіркелген. IATA медициналық консультанты Дэвид Пауэлл әрбір 27 миллион жолаушының біреуі вирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты.

"Ұшақ борында COVID-19 жұқтыру қаупі өте төмен екеніне сенімді болыңыздар", - дейді IATA-ның саяхат бойынша онлайн-кеңесінде.


Фото ©Shutterstock

Сарапшының айтуынша, бұның төрт негізгі себебі бар:

- отыру жағдайы - бортта болған уақыттың басым көпшілігінде жолаушылар алға қарап отырады, бұл басқа біреудің тынысын жұту мүмкіндігі тұрғысынан маңызды. 

- орындық арқасы - ұшақтардағы орындықтардың жоғары арқалары COVID-19 таралуына берік тосқауыл болады. 

- ауа ағынының жоғары жылдамдығы - зерттеулер көрсеткендей, әуе кемесіндегі ауа ағыны (төбеден еденге дейін) басқа көлік түрлеріне қарағанда аз кіреді.

- ауа алмасу - заманауи ұшақтар вирустарды, бактерияларды жоюдың тиімділігі ауруханалық деңгейдегі ауа сүзгілерінің (HEPA) арқасында 99,9 пайыздан асады, ал салондағы ауа әр екі-үш минут сайын "жаңарып отырады". 

Сонымен қатар, IATA есебінде ұшу кезінде масканы міндетті түрде тағу вирус жұқтыру қаупін төмендететіні көрсетілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети