Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Министрлік дәрі-дәрмек бағасын көтеруге рұқсат бермеген

20 Ақпан 2014, 14:25
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жуырда қабылданған меморандум аясында дәрі-дәрмектер бағасын көтеруге рұқсат беріпті" деген қауесет еш шындыққа жанаспайды", - деп хабарлайды, Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі керісінше, халық күнделікті тұтынып отырған бөлшек саудадағы дәрі-дәрмектердің бағасын ұстап тұруға мүдделі. Осы мақсатта меморандум да қабылданған болатын. Екінші тарап, яғни халықты дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді мойнына алған қауымдастықтар 224 түрлі тауарға қойылған шекті бағаны өзгертпеуге міндеттеме алып отыр.

"Сонымен қатар, бұл дәрілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізімінде жоқ және бұлар үлкен сұранысқа ие. Олардың бағалары бұрынғы қалпында қалады және меморандумға сәйкес дәрілер көлемі көбеймесе, азаймайды", - деп атап өтті құзырлы сала.

Естеріңізде болса, ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова "Фармқызметті қолдау және дамыту қауымдастығымен", фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторларымен, фармацевтикалық фирмалар өкілдіктерімен, "Қазақстанның ФармМедИндустриясы" қауымдастығымен, "Ұлттық денсаулық сақтау палатасы" ЗТБ дәрілік құралдарға бағаны ұстап тұру туралы Меморандумға қол қойған болатын.

Денсаулық министрлігінде хабарлағандай, меморандумға қол қоюдағы мақсат - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмеген, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар жиі қолданатын 200-ден астам дәрілерге баға шегін белгілеу және дәрілерге қойылатын үстеме бағаны төмендетуге бағытталған өзге де іс-шаралар қабылдау.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эрик Байжүнісов Орталық коммуникациялар қызметі өткізген басқосуда "дәріханаларды ұдайы тексеріп тұрамыз" деп уәде берген. "Әзірге екі дерек тіркелді. Шығыс Қазақстан обылысындағы екі дәріханада осындай жағдайға жол берілген екен, екеуіне де шара қолданылды", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ал күні кеше отандық БАҚ-тарда "құзырлы министрлік дәріханаларға бағаны 100, тіпті одан да көп пайызға көтеруге рұқсат беріпті" деген ақпарат тарап кетті. Айтпақшы, Ұлттық банк долларды босатқаны сол еді, бірқатар сауда орындары тауар бағасын қайта қарауда қарап қалмады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай