18 қаңтар 2022 09:39

Moderna коронавирус пен тұмауға қарсы қосарланған вакцина шығарады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Moderna фармацевтикалық компаниясы COVID-19, тұмау, RSV-жалпы респираторлы вирусына қарсы вакцина шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Market Watch-қа сілтеме жасай отырып.

Компанияның бас директоры Стефан Бансель Дүниежүзілік экономикалық форумда онлайн форматта сөйлеген сөзінде қосарланған вакцина адамдарға бірнеше рет екпе алмай-ақ, қысқы маусымда респираторлы вирустар тудыратын аурулардан қорғануға мүмкіндік беретінін айтты. Вакцина 2023 жылдың күзінде шығарылады деп жоспарланып отыр.

Moderna басшысы мРНҚ технологиясын қолданатын тұмауға қарсы вакцина биыл жазда сынақтың екінші кезеңінен үшінші кезеңге өтуі керек екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети