03 наурыз 2021 11:01

Нұр-Сұлтанда 1000-нан аса оқушы коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1103 жағдай тіркелді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 1 наурызында тіркелген жағдай бойынша оқу жылының басынан бері оқушылар арасында барлығы 1103 жағдай тіркелген. Оның ішінде 263 (23,8 пайызы) кезекші сынып оқушылары арасында, 840 жағдай (76,2 пайызы) қашықтан білім алатын оқушылар арасында", - деді Сархат Бейсенова баспасөз мәслихатында.

Санитар дәрігердің мәліметіне сүйенсек, 1 ақпаннан бастап қалада медицина қызметкерлері вакцинацияланады, 1 наурыздан бастап мұғалімдер мен күш құрылымдар қызметкерлері екпе салдырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети