Оңтүстік Кореядан келген дәрігер "Совмин" ауруханасында омыртқаға инновациялық ота жасады

03 Сәуір 2015, 15:29
0
Оңтүстік Кореядан келген дәрігер "Совмин" ауруханасында омыртқаға инновациялық ота жасады - Оңтүстік Кореядан келген профессор Ким Сан Хек © Әлішер Ахметов
Оңтүстік Кореядан келген профессор Ким Сан Хек © Әлішер Ахметов
Оңтүстік Кореядан келген дәрігер "Совмин" ауруханасында омыртқаға инновациялық ота жасады - Омыртқаға жасалған ота. © Әлішер Ахметов
Омыртқаға жасалған ота. © Әлішер Ахметов
Оңтүстік Кореядан келген дәрігер "Совмин" ауруханасында омыртқаға инновациялық ота жасады - Оңтүстік Кореядан келген профессор Ким Сан Хек ота барысында микроскопты қолданды © Әлішер Ахметов
Оңтүстік Кореядан келген профессор Ким Сан Хек ота барысында микроскопты қолданды © Әлішер Ахметов
Оңтүстік Кореядан келген дәрігер "Совмин" ауруханасында омыртқаға инновациялық ота жасады - Жүйке тамырларын қысып қалған сүйектерді алып тастау үшін шұғыл шара қолданылды. © Әлішер Ахметов
Жүйке тамырларын қысып қалған сүйектерді алып тастау үшін шұғыл шара қолданылды. © Әлішер Ахметов

Оңтүстік Кореядан келген дәрігер "Совмин" ауруханасы деген атпен белгілі Алматыдағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасында омыртқа арасындағы жүйке тамыры қысылып қалған науқасты емдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оңтүстік Корея профессоры Ким Сан Хектің айтуынша, науқасқа ламинэктомия - жүйке тамырын қысып тұрған сүйектер мен сіңірлерді кесу операциясы жасалды. Айта кетейік, "Совмин" ауруханасы шеберлік-класстарын өткізу үшін шетелдік мамандарды жиі шақырады.

Науқас омыртқадағы жүйке тамырларының қысылуы - стеноздан қатты қиналған. Ол оң жағына қарай ақсап жүріпті. "Бүгін ламинэктомия операциясы жасалды, оның көмегімен жүйке тамырлары босатылды. Ламинэктомия - омыртқаның артық сүйектері мен сіңірлерін алып тастау операциясы, сүйектер өсіп, жүйке тамырларын қысып қалады. Оңтүстік Қорея маманының айтуынша, кедергі келтірген сүйек омыртқаның төртінші және бесінші бел бөлігінің ортасында болған. Оны алып тастау үшін тым шапшаң дрель, қысқыштар мен тістеуіктер қолданылды. Айта кетейік, шетелдік маманға "Совмин" ауруханасының қызметкерлері көмектесті.

Барлығы үш сантиметрлік бір ғана тілік жасалды. Науқасты сауықтыру шарасына төрттен алты күнге дейін уақыт жұмсалуы мүмкін. "Тіліктің көлемі кішкентай болғандықтан қансырау да аз болады және ескі тәсілдермен салыстырғанда операцияға аз уақыт кетеді. Зақымдану қаупі де төмен", - деп түсіндірді Оңтүстік Кореядан келген дәрігер. Маманның сөзіне қарағанда, стеноз жас ұлғайған сайын өсе береді және науқастардың көпшілігнде кездеседі.

"Совмин" ауруханасы науқастарды емдеудің инновациялық тәсілдерін жиі игеріп отырады. Нұртас Қазыбаев лапароскопиялық операция жасауды 1996 жылдан бастады, бұл әдіс аз ғана тілік жасау арқылы операция жасауға мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, "Совмин" ауруханасы 2014 жылы 85 жылдығын атап өтті. Оның негізі 1929 жылы қаланған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай