15 маусым 2020 18:50

Павлодарда сәбиден COVID-19 анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Павлодарда сәбиден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Павлодарда сәбиден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, Екібастұз тұрғыны жүкті кезінде коронавирус жұқтырған.

"Коронавирус жұқтырған науқасты кесір тілігі арқылы босандырдық. Сәбидің коронавирус инфекциясын анықтауға тапсырған тестінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір шақалақтың жағдайы қанағаттанарлық, неонатологтар бақылау отыр", - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов.

Дереккөздің хабарлауынша, бала 5200 грамм және бойы 57 сантимерт болып туған.

"Сәби жазылып келе жатыр, болжамымыз жақсы. Ешқандай атап айтатындай симптомдары жоқ, ал анасының жағдайы ауыр. Әлі жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық,  Екібастұздың 43 жастағы тұрғынын жүктіліктің 40-шы аптасында Павлодар инфекциялық акушер-хирургиялық госпиталіне жатқызылған. Ол іші төмен тартып ауырғанына, мұрны бітеліп, жөтел, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілгеніне шағымданған. Тексерген кезде екіжақты пневмония анықталған. COVID-19 анықтауға тапсырған тестінің нәтижесі оң болған. Сол күні әйел дені сау баланы кесір тілігі арқылы дүниеге әкелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети