14 наурыз 2020 09:56

"Сабын қарақұмықтан маңызды": Комаровский коронавирустан сақтану жолдарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал украиналық дәрігер Евгений Комаровский коронавирус туралы ең көп қойылатын сұрақтарға жауап беріп, видео түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал украиналық дәрігер Евгений Комаровский коронавирус туралы ең көп қойылатын сұрақтарға жауап беріп, видео түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комаровский вирустың ауада ұзақ уақыт сақталмайтынын, бірақ металл бетінде немесе есік тұтқаларында 10 сағатқа дейін қалуы мүмкін екенін айтты. "Иә, лифт батырмасында, есік тұтқасында вирус болуы мүмкін... Бірақ ол қалай жұғады? Сіз оларды ұстайсыз. Айтпақшы, батырманы қолмен емес шынтақпен басуға болады. Содан кейін сол қолмен көз, мұрын немесе аузыңызды ұстайсыз", - дейді ол.

Педиатр қол жуудың маңыздылығын атап өтті: қолды сабынды сумен кем дегенде 20 секунд жуу керек. Сонымен қатар, ол мұрын, ауыз және тіпті  көзді сабынмен жуу керек деген кеңесті жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұндай манипуляциялар шырышты қабықтың табиғи иммунитетін жояды және вирус енді бактерияға қарсы сабынмен жуылған жерге түскенде одан сайын дамиды.

Сондай-ақ, педиатр карантин кезінде қандай тағам өнімдерін қанша мөлшерде алу керектігін айтты.

"Бұл сұрақтарға жауап беру өте қиын, өйткені, мысалы: "Менің ойымша, бір келі қарақұмық алып қою керек", - десем, бүкіл халық дүкенге барып, қарақұмық сатып алады, кейін Комаровский дүрбелең туғызды, себебі оған қарақұмық өндірушілер төлеген дейді. Ең бастысы - сіздің талғам мен қаржылық мүмкіндіктеріңізді мен қайдан білемін? Логика мен ақыл керек. Бұл 2-3 апта үйден шықпай, дәріханалар мен дүкендерге бармау үшін бұзылмайтын өнімдер болуы тиіс. Бұл пияз, сарымсақ, картоп, макарон, жарма, ұн болуы мүмкін. Тазалық құралдарын да алыңыз. Сабын кез келген қарақұмықтан маңыздырақ", - деп жауап берді Комаровский.

Үйде біреу ауырып қалса, дәрігер бөлмелерді жиі желдетіп, жууға болатын жердің бәрін арнайы сұйықтықтармен тазалауды ұсынды. Сонымен қатар, киімді жоғары температурада жуған кезде қозғалатын нәрселердің барлығы өлетінін айтты.

Педиатр үлкен буын өкілдеріне үйден шықпауға кеңес берді. 

Еске салайық, 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети