1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Сарапшы бір рет қолданатын қолғаптардың қаупі туралы айтты

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Экологтар коронавирус пандемиясы кезінде бір рет қолдануға жарайтын қолғаптардан бас тартуға шақырады. Себебі мұндай қолғаптар қайта қолдануға жарамсыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Greenpeace "Ноль отходов" жобасының сарапшысы Алексей Киселев бір рет қолданатын қолғаптардың қаупі мен кәдеге жаратудағы қиындығы туралы айтты.

"Қолғаптың бірнеше түрі бар: полиэтилен, латекс, ПВХ (поливинилхлорид - ред.), нитрил. Теория жүзінде латекс (табиғи каучук)  және нитрил (синтетикалық каучук)  екі-үш жылда қоршаған ортада ыдырайды. Полиэтилен және ПВХ микропластиктерде үгіледі, ал ПВХ-ны жаққан кезде токсинді заттар түзіледі және пайдаланған кезде теріге пластификаторларды қосуы мүмкін. Сондай-ақ қолғаптар боялады және марка тағылатындықтан, оларды материалға бөліп, жинау мүмкін емес. Содан соң ол қайта өңдеуге жарамсыз болып қалады", - деді сарапшы.

Маманның айтуынша, қолғапты ауру белгілері жоқ адам киюі мүмкін. Содан соң ол "Б" санатындағы қалдықтарға жатқызылып, қоқысқа шығарылады. Ал вирус қолғаппен бірге келеді.

"Сондықтан аса дайындық режимі тоқтатылмағандықтан, міндетті түрде қолғап кию керек деген орындардан оларды бөлек жинап, медициналық қалдықтарды қабылдайтын мекемелерге өткізу керек", - деп қосты Кисилев.

Сарапшы бұл қолғаптарды бірнеше рет қолданылатын қолғаптарға ауыстырып, әр қолданғаннан кейін антисептикпен өңдеуге немесе жылы суға салып, сабынмен жууға шақырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!