1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Шетелдік вакциналар Қазақстанда ақылы болады 15 қазан 2021, 19:23

Қазақстандықтар үшін шетелдік вакциналар ақылы болады. Тек елде өндірілген отандық тауарлар ғана тегін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстандықтар үшін шетелдік вакциналар ақылы болады. Тек елде өндірілген отандық тауарлар ғана тегін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Facebook-тегі парақшасына жариялаған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдан бастап ревакцинация Қазақстанда өндірілген вакциналармен жүргізілетінін атап өтті.

"Келер жылы қазақстандықтарға ревакцинация және жоспарлы вакцинация үшін тек қана QazVac пен "Спутник V" қолжетімді бола ма?"- деп сұрады журналист.

"Қазақстанда басқа елдерден тәуелсіз клиникалық жағынан тиімділігі дәлелденген өз вакцинамызды шығара аламыз деп болжап отырмыз. Біз бұл вакцинаны тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында сатып аламыз. Қалған вакциналар тұмауға қарсы вакцина сияқты нарықта коммерциялық айналымға жіберіледі. Қазір компанияларды Қазақстан нарығына вакцина жеткізіп, өз қызметтерін ұсынуға үгіттеп жатырмыз. Қосымша ақылы негізде болады, қазір компаниялар бұл істі пысықтап жатыр", - деді Цой.

Алексей Цой мысал ретінде келтірген тұмауға қарсы вакцинация әлсіз топтар үшін ғана тегін жүргізіледі. Қалғандары ақылы негізде екпе ала алады. 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі елде алғашқы вакцинация кезінде алынған препараттармен қайта вакцинациялауға рұқсат етілгенін, бірақ бұл "Спутник V" вакцинасына қатысты емес екенін айтты. "Спутник V" алған қазақстандықтар "Спутник Лайт" препаратын қайта ала алады.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтаған соң 6-9 айдан кейін қосымша доза алу ұсынылады. Соның ішінде:

  • векторлық (Спутник) екпелерімен вакцинациялаған тұлғалар - белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе М-РНК вакцинасымен (Pfizer) 9 айдан кейін ревакцинация;
  • белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцинасын алған тұлғалар - векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинация;
  • М-РНК (Pfizer) вакцинасын алған тұлғалар 6 айдан кейін белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat - Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинация;
  • вакцинацияның аяқталған курсынан кейін КВИ-мен ауырған адамдар сауыққаннан кейін үш айдан соң ревакцинация ала алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram