01 маусым 2016 15:13

Соңғы бес жылда 33 мың оқушы қыз жүкті болып қалған - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sfgate.com © Sfgate.com

ҚР Мәжіліс депутаты Бахтияр Мәкен үкіметтен жасөспірімдерді тәрбиелеуге арналған шаралар қабылдауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Мәжіліс депутаты Бахтияр Мәкен үкіметтен жасөспірімдерді тәрбиелеуге арналған шаралар қабылдауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің атына жазылған өтінімін ол кеңейтілген отырыс барысында оқып берді. Оның айтуынша, Қазақстанда жасөспірім кездегі жүктілік, түсік тастау, кәмелетке жетпей ана атанудың алдын алуға бағытталған тиімді бағдарлама жоқ.

"Соңғы уақытта бізде балаларды әжетханаға тастау жағдайы көп болып кетті. ТМД елдері арасында жасөспірім кездегі жүктіліктің таралғаны соншалық, кейде оны эпидемия деп те атап жатады. Қазақстанда Ресей мен Украинаға қарағанда кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жүкті болып қалу жағдайы аз, дегенмен бұл мәселе бізді ойландырмай қоймайды", - деді депутат.

Ол Қазақстанда 18 жасқа дейінгі қыздар мен қыз жеткіншектердің өмір сүріп жатқанын, бұл еліміздегі әйелдердің бестен бір бөлігін құрайтынын айтты.

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда елімізде жасөспірімдер арасында 33 051 жүкті болып қалу жағдайы кездесті. Оның ішінде 15-18 жастағы қыз балалардың арасында 9906 адам түсік тастаған. Бұл Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда екі-үш есе жоғары. 15-18 жас аралығындағыларда жылына шамамен мың түсік тастау жағдайы кездеседі. Бұған жасөспірімдердің жыныстық қатынасқа ерте түсуі себеп", - деді Мәкен.

Оның айтуынша, жыныстық қатынасқа түсуді ерте жастан бастау жас қыздардың денсаулығына кері әсер етеді. Сонымен қатар, ол осындай жағдайға тап болған қыздарға көмек көрсету керек екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети